Қостанайда полицейді пышақтап өлтірген ер адам 19 жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Марқұмның артында әйелі мен жасына толмаған баласы қалды

tengrinews.kz

Қостанай облысында спирттік ішімдік ішіп алып, полиция қызметкерін пышақтап өлтірген Михаил Прокуратовқа сот үкімі шықты. Енді ол алдағы 19 жылын қауіпсіздігі жоғары түрмеде өткізеді.

Еске салайық, қылмыскер биыл қаңтарда спирттік ішімдік ішіп алып, өз отбасы мүшелеріне пышақпен шабуыл жасаған. Оқиға орнына жеткен полиция инспекторы Дархан Базарбаев оны ұстаған сәтте жүрек тұсынан жарақат алып, сол жерде жан тапсырды.

«Прокуратовқа жаза тағайындар сәтте судья оның кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескерді. Ал, қылмысты ол мас күйде жасауы жазасын ауырлата түсті. Сот айыпталушының полиция қызметкерін қасақана өлтіргенін және оның бұған дейін де отбасылық жанжал үшін істі болғанын ескерді», - деді мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

Сотталушы сондай-ақ, марқұмның туыстарына 5 миллион теңге төлеуі тиіс. Дархан Базарбаевтың артында әйелі мен жасына толмаған баласы қалды.