Оған 55 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
Жуырда, 7 қыркүйек күні Атыраудағы «Шахар» мейрамханасының жанында Нигерия азаматымен сөзге келіп, айналасының тыныштығын бұзған азаматтың соты өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау соттарының мәліметіне сүйенсек, ісі сотқа жеткен азамат қоғамдық тәртіпті бұзды және жеке тұлғалардың тыныштығын алды деген баптар аясында қаралаған. Сотта оның кінәсі дәлелденген.
«Сот күдікті азаматты Әкімшілік кодекстің 434 бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған 55 мың теңге айыппұл салды», - деп хабарлайды Атырау соттары.