11.09.2025, 14:26
Оқиғалар
«Жалғызым едің...»: Тоқтар Серіков жақын адамынан айырылып, көңіл босатты
Әнші нағашысын жоқтап, өлең шығарған
Фото: Instagram.com/toktar.serikov
Қазақ эстрадасындағы танымал әнші Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі жеке парақшасында отбасының басына түскен сынақ туралы жазып, оқырмандарының көңілін босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол нағашы ағасы мен анасының суретін қатар қойып, ішіндегі мұңын өлеңге сыйдырған.
«Нар тұлғалы, жанашырым нағашым,
Жүрегімде анам үшін дарасың,
Сенде кеттің, бұл өмірден қош айтып.
Жас толтырып екі көздің, қарасың.
Айнымаған анашымнан жалғызым,
Шырылдайды көкірегімде жалғыз үн.
Кемесіне отырғызып келместің,
Боздап қалды жалғыз ұлмен бар қызың», - деп жазған Серіков.
Айта кетейік, әнші күні кеше ғана қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырып, елге жанашырлық танытқан еді.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 17:31
«Бақ сүйсін маңдайыңнан»: Димаштың әкесі қызына арнап шығарғанын әнін жариялады (ВИДЕО)
02.10.2026, 00:37
«Төрт жыл күрескен»: Танымал тележүргізуші қайтыс болды