Астанада ер адам изолятордағы келіншегіне телефон апарып беремін деп мәртебесінен айырылды

Автор: Бақыт Шынар

Ол сондай-ақ айыппұл төлеген

Фото: istockphoto.com

Астана қаласының прокуратурасы тергеу изоляторына тыйым салған заттарды алып өтпек болған бірнеше адамды әкімшілік жазаға тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, жыл басынан бері алты адам изоляторға телефон, 3 адам есірткі алып өтпек болған екен.

«Мысалы, ер адам тергеу изоляторында отырған жұбайына телефон өткізіп бермек болды. Әйел адам қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр, ал күйеуі оның қоғамдық қорғаушысы еді. Мекеме қызметкерлері дер кезінде әрекет етіп, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ол қоғамдық қорғаушы мәртебесінен айырылды», - деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.

Осы ретте прокуратура изоляторға тыйым салған заттарды алып кіруге тырысқан адамдар әкімшілік жазадан бастап, ұзақ жылға дейін сотталуы мүмкін екенін ескертеді.