Қазақстанда сутенер болған жігіт 400 доллар үшін Грузияға қашып кетіп, ақыры ұсталды

Автор: Бақыт Шынар

Ол Грузияның Рустави қаласында жасырынып жүрген екен

Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы негізінде халықаралық іздеуде жүрген азаматты Грузияның Рустави қаласында ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Polisia.kz жазғандай, күдікті жігіт массаж салонының атын жамылып жезөкшелердің қызметін ұсынған екен. Осы әрекеті үшін қылмыстық жауапкершіліктен қашқан ол 2019 жылы полицияға 400 доллар көлемінде пара берген

«Ол Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 367-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысты – лауазымды тұлғаға пара беру әрекетін жасағаны үшін айыпталып отыр. Ұсталған азамат Грузия аумағында қамалды», - деп хабарлайды дереккөз.