Солтүстік Қазақстанда ойыннан от шықты
Солтүстік Қазақстан облысында 9 жасар бала үйді өртеп жібере жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында 9 жасар бала сарай ішінде сіріңкемен ойнап отырып, қағазды тұтатқан.
«Оты өшірместен, үйіне кетіп қалған, осы кезде өрт өршіп кеткен. Көршілері шатыр астынан шыққан түтінді байқап, дереу өрт сөндірушілерді шақырған», - дейді құтқарушылар.
ТЖМ қызметкерлері жедел жетіп, жалынды дер кезінде ауыздықтап, тұрғын үй мен шаруашылық ғимараттарын аман сақтап қалды.
«Отпен ойнау – ермек емес, адам өмірі мен үйге төнген шынайы қауіп!», - деп ескертті мамандар.