$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодардағы ірі кәсіпорын жұмысшыларға арнайы аяқ киім бермеген – іске прокуратура араласты

Бұл кәсіпорын еңбек заңнамасын белшесінен басқан

Павлодардағы ірі кәсіпорын жұмысшыларға арнайы аяқ киім бермеген – іске прокуратура араласты
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысының прокуратурасы Железин ауданындағы ірі кәсіпорын - «Көмек» мекемесінің былықтарын ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Мысалы, кәсіпорын үш жылдан астам уақыт бойы салықтық міндеттемелерін орындамаған, 137 қызметкерге әлеуметтік аударымдар мен үстемақылар төлемеген, соның салдарынан 66 миллион теңгеден астам берешек пайда болған», - деп хабарлайды прокуратура.

Жалақы мен әлеуметтік төлемдерден бөлек кәсіпорын басшылығы қызметкерлердің өміріне қауіп төндірген: оларға қорғаныс құралдарын бермеген, арнайы киім және аяқ киіммен қамтамасыз етпеген.

«Жұмысшыларға еңбек демалысының ақшасын да кешіктіріп төлеген. Прокуратура осы айтылғандардың бәрпін жинап, аудан әкімі мен құзырлы органдарға қадағалау актісін енгізді. Кәсіпорын 137 қызметкердің әлеуметтік төлемін орындады», - деп хабарлайды прокуратура.

Серіктес жаңалықтары