Өскеменде жүргізуші әйел көпқабатты үйге соғылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол рөлге ие бола алмай қалған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

5 қыркүйек күні Өскеменде Subaru Forester көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көпқабатты үйдің қабырғасына соғылды. Оқиға Утепов көшесіндегі тұрғын үй ауласында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Полиция департаментінің мәліметінше, соққыдан кейін көлік бір қырына аударылып қалған.

Зардап шеккендер бар ма?

Әйел жүргізуші медициналық мекемеге тексерілуге жеткізілді. Басқа адамдар зардап шеккен жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, тәжірибесіздігі және рөлге ие бола алмауы негізгі себептердің бірі болып отыр. Сарапшылар көлік жүргізушілеріне қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, қозғалыс кезінде аса мұқият болуға кеңес береді.