113 қылмыстық іс қозғалып, 22 күдікті ұсталған
2025 жылдың басынан бері Абай облысында 756 алаяқтық фактісі анықталды. Полицияның хабарлауынша, осы деректер бойынша 113 қылмыстық іс қозғалып, 22 күдікті ұсталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржылық қылмыстарға тосқауыл қою үшін «Антифрод» жүйесі қолданылып жатыр. Оның көмегімен 26,2 млн теңге бұғатталып, ұрланған қаражаттың сыртқа шығарылуына жол берілмеді.
Полиция департаментінің мәліметінше, биылдың өзінде тұрғындарға 17,8 млн теңге қайтарылған.
Құқық қорғау органдары азаматтарға сақ болуды ескертті:
«Абай облысының Полиция департаменті тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады. Кез келген күмәнді әрекет жайлы бірден 102 нөміріне хабарласыңыздар», – делінген ресми хабарламада.