Қазақстан бойынша барлығы 118 адам қайтыс болды
Коронавирус індетінен тағы 5 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан қаласында 1956, 1966, 1942 жылдары туған ер азаматтар, Ақмола облысында 1955 жылы дүниеге келген әйел адам, Алматы қаласында 1960 жылы туған ер адам қайтыс болды. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан бойынша барлығы 118 адам қайтыс болды.