$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлемге танымал компанияның басшысы әріптесімен көңіл қосқаны үшін қызметінен айырылды

Осылайша ол іскерлік этика кодексін бұзған

Әлемге танымал компанияның басшысы әріптесімен көңіл қосқаны үшін қызметінен айырылды
Фото: Keystone-SDA

Швейцариялық Nestlé компаниясының бас директоры Лоран Фрейше қоластындағы қызметкермен көңіл жарастырғаны үшін лауазымынан қуылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компания мәліметінше, Лоран Фрейше Nestlé-нің іскерлік этика кодексін бұзғаны үшін қызметінен босатылды. Бұл дерек бойынша директорлар кеңесі тәуелсіз сыртқы кеңесшімен бірге тексеріс жүргізген.

Қазір компанияның жаңа басшысы болып Филипп Навратил тағайындалды. Nestlé директорлар кеңесінің төрағасы Пол Булке Фрейшеге атқарған қызметі үшін алғыс айтып, жаңа директор туралы пікір білдірген.

«Филипп Навратилдің тәжірибесі мен көшбасшылық қабілеті компанияның әрі қарай өркендеуіне ықпал етеді деп сенеміз. Біз стратегиялық бағыттан айнымаймыз және даму қарқынын бәсеңдетпейміз», - деді ол.

Филипп Навратил Nestlé компаниясындағы еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Ол әр жылдары Латын Америкасында басшылық қызметтер атқарып, Мексикадағы Nescafé брендін нығайтуға үлес қосты. Кейінірек Nestlé-нің жаһандық кофе бизнесін дамытуға жетекшілік етті. 2024 жылы Nespresso бөлімшесінде жұмыс істеп, өсім қарқынын жеделдетті. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Nestlé атқарушы кеңесінің құрамына кірді.

Серіктес жаңалықтары