Әскерде жүрген 20 мыңнан астам сарбаздың 8 млрд теңге көлемінде несиесі бар

Автор: Бақыт Шынар

Олар әскерде жүргенде төлемнен каникул алған

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда әскерде жүрген 20 мыңнан астам сарбаздың 8 млрд теңге көлеміндегі несиесіне «төлем каникулы» жарияланған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол сондай-ақ әскерде жүріп жақсы нәтиже көрсеткен 2183 сарбаз грантқа түскенін хабарлады.

«Бұдан басқа, 20 мыңнан аса әскери қызметшіге 8 млрд теңге сомасына кредиттік демалыстар берілді», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.