Дәл Алматы қаласындағы күші 2 баллдай болған
Алматы маңынан 319 шақырым жерде қуаты 5,7 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жер дүмпуінің эпиорталығы Қытай аумағында, Алматыдан 319 шақырым жерде тіркелген.
«Қуаты – 5,7 балл. Алматыда 2 баллдық қуаты сезілді. Жер сілкінісі 12:58-де тіркелді», - деп хабарлайды ТЖМ.