$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазақмыс» күзетшісі әріптесін аузынан тапаншамен атқан: полиция желідегі ақпаратқа пікір білдірді

Күдікті қамауға алынған 

«Қазақмыс» күзетшісі әріптесін аузынан тапаншамен атқан: полиция желідегі ақпаратқа пікір білдірді
Фото: iStock

Қарағанды облысы Абай ауданында арнайы күзет қызметкері әріптесін абайсызда атып жіберген, салдарынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

31 тамыз күні сағат 21:00 шамасында Топар кентінде орналасқан «ГРЭС» ЖШС нысанын күзету кезінде қайғылы оқиға болды.

«Арнайы күзет қызметінің қызметкері абайсызда қарудан оқ атып, салдарынан оның әріптесі оқ тиген жарақаттан көз жұмды», - деп мәлімдеді полиция баспасөз қызметінен.

Бұған дейін әлеуметтік желіде құзырлы органның кіші сержанты жанында тұрған ұжымдасының аузынан тапаншамен оқ атқан деген ақпарат тараған болатын.

Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты.

Қазір алдын ала тергеу мен қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәлімет жария етілмейді.

Айта кетсек, Қарағанды облысы Топар кентіндегі «ГРЭС» ЖШС «Қазақмыс корпорациясы» компаниялар тобына кіретін «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-нің еншілес ұйымы болып саналады. 

Серіктес жаңалықтары