Оңтүстікте 150 миллион теңгеге бағаланған жылқы ұрлығы ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

70-тен астам жылқы иелеріне қайтарылды

Түркістан облысының полицейлері 150 миллионнан астам теңге тұратын жылқыларды ұрлаған барымташылардың қылмыстық тобын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері ұзақ уақыт бойы Түркістан облысының үш ауданының аумағында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады. Тергеу барысында ұсталғандардың бір жарым жыл бойы 14 мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Жалпы барымташылар облыстың Қазығұрт, Төлеби және Сарыағаш аудандарының жайылымдарынан жылқы ұрлап отырған. Осылайша, полицияға ондаған ауыл тұрғындары өздерінің малдарын жайылымнан белгісіз тұлғалар айдап әкеткені туралы арыз түсірген.

 «Жәбірленушілердің бірі полицейлерге өткен жылдан бері мал ұрылары оның 25 жылқысын жымқырып кетіп, өзіне 12 миллион теңгеден астам шығын келтіргенін хабарлаған»,- делінген ақпаратта.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 150 миллионға жуық теңгені құрады. Айғақты зат ретінде полицейлер 70-тен астам жылқыны тәркілеп алып, заңды иелеріне қайтарды