Алматыда санитарлық талаптарды сақтамаған 303 нысан жұмысын тоқтатты

Автор: Azattyq Rýhy

Шаһарда барлығы 3,5 мыңға жуық нысан тексерілді

Алматыда мониторингтік топ эпидемияға қарсы шаралардың сақталуы бойынша барлығы 3442 нысанды тексерді, деп хабарлайды қала әкімдігі.

«Олардың ішінде 402 нысаннан Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысындағы талаптардың бұзылғаны анықталды. Осыған байланысты, ескертулерді түзеткенге дейін 303 нысанның қызметі тоқтатылды»,- делінген хабарламада.

Эпидемиологтар санитарлық талаптарды сақтаудың маңыздылығын ескертті. Аталған нысандарда  мынадай тәртіп бұзушылықтар анықталды, олар:

- әлеуметтік қашықтық белгілерінің болмауы;

- байланыссыз термометрияның сақталмауы;

- жеке қорғану құралдарын тиісінше пайдаланбау және кәдеге жаратпау

Есепке алу журналының болмауы;

- санитайзерлердің болмауы;

павильондардың кіреберістерінде дезинфекциялау кілемшелерінің болмауы;

- пайдаланылған маскалар мен қолғаптар үшін қоқыс жәшіктерінің болмауы;

- азық-түлік дүкендеріннің өнімдерінде қорғау пленкаларының болмауы.