Қалалықтардың барлығы дерлік қоқыс тастаған адамға ескерту жасаған
Астананың коммуналдық қызметі қала тазалығын сақтау үшін ауысыммен жұмыс істейді. Сондықтан, қала елдегі таза шаһарлардың біріне айналып отыр. Бірақ, Azattyq Rýhy редакция қала азаматтарының өзі тұратын мекендегі тазалыққа қалай қарайтынын білу үшін әлеуметтік эксперимент түсіріп көрді.
Әлеуметтік эксперимент кезінде біздің журналистер қоқыс тастап, жақын маңдағы адамдардың реакциясын жасырын камераға түсіріп отырған. Халық қоқыс тастаған тілшілерге ескерту жасап қоймай, оларды тіпті «қорқытқан».
«Бойжеткен, тұра тұрыңыз, қоқысты ана жердегі жәшікке тастаңыз!». «Неге қоқысыңызды жинап әкетпейсіз? Астана – таза қала!». Қоқысты жәшікке тастау керек, қазір сені суретке түсіріп аламын да суретіңді әкімдікке жіберемін!», - деді қала азаматтары.
Бұл видеоны әлеуметтік желіге жариялаған кезде де халық тазалық сақтап, қаланы күтіп ұстау – әрбір адамның міндеті екенін жазған.
Жалпы, осы әлеуметтік эксперименттің нәтижесіне қарап, Астана көшелерінде қоқысты көрінген жерге тастауға болмайтынын түсінлдік. Жасырын камераға түскен тұрғынның біреуі айтқандай – білімді әрі мәдениетті адам жан-жағын ешқашан ластамайды.