«Мигранттар балаларды ұрлап жатыр»: ІІМ фейк-ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Автор: Бақыт Шынар

Ішкі істер органдары бұндай хабарландыру таратпаған

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Қазір әлеуметтік желі мен кейбір мессенджерлерде ішкі істер министрлігінің атын жамылған фейк-ақпарат тарап жатыр. ІІМ бұған қатысты шұғыл мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Фейк-ақпараттың мәніне үңілсек, онда «ішкі істер министрлігі елдегі қауіпті жағдайға байланысты есік-терезелеріңізді жауып жүру керек, мигранттар балаларды ұрлап жатыр» деген фейк-ақпарат жазылған. 

«Ішкі істер министрлігі мессенджерлерде таралып жатқан мигранттар мен балаларды ұрлау туралы тарап жатқан ақпарат фейк екенін хабарлайды. Министрлік мұндай мәлімдеме жариялаған жоқ. Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз», - деп хабарлайды ІІМ.

Ішкі істер органдары қандай да бір күдікті жағдай орнаса, 102 нөміріне хабарласуға кеңес береді.