$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үржардағы қорқынышты апат: жарақат алған қыз Семейге жеткізілді

Оны авиация бортымен жеткізген

Үржардағы қорқынышты апат: жарақат алған қыз Семейге жеткізілді
Фото: ДСМ

Абай облысында болған ауыр жол апатында зардап шеккен жасөспірім қызды санитарлық авиация бортымен Семей қаласына жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Зардап шеккен балаларға көмек

Зардап шеккен үш баланың екеуі елордаға жеткізілді. Ал үшінші бала – жасөспірім қыз, жағдайының ауырлығына байланысты бастапқыда аудандық ауруханада қалдырылған еді.

23 тамызда санитарлық авиация бортымен ол Семейдегі Медициналық университет госпиталінің балалар бөліміне жеткізілді.

 «Бастапқыда науқасты бірден Семейге көшіру мүмкін болмады. Дәрігерлердің тұрақты бақылауынан кейін жағдайы әуе көлігімен тасымалдауға жарамды деп танылып, арнайы шешім қабылданды», – деп мәлімдеді Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Қазір қыз бала анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы облыс әкімі Берік Уәлидің жеке бақылауында.

Жол апаты қалай болды?

Қайғылы оқиға 19 тамыз 2025 жылы сағат 16:00 шамасында Абай облысы, Ұржар ауданының Бестерек ауылында тіркелді. Алдын ала деректерге сәйкес, 55 жастағы Toyota жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған алты баланы қағып кеткен.

  • Екі бала оқиға орнында көз жұмды;
  • Бір бала ауруханаға барар жолда қайтыс болды;
  •  Үш бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама оның апат кезінде мас болмағанын анықтады.

Мемлекет тарапынан көмек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қорғаныс министрлігінің әскери әуе күштерімен елордадан арнайы мамандар жіберілген:

  • нейрохирург,
  • травматолог,
  • реаниматолог.

Сонымен қатар облыс әкімдігі қаза тапқан балалардың отбасыларына қаржылай және әлеуметтік көмек көрсетілетінін хабарлады.

Контекст

Абай облысының Үржар ауданында болған қайғылы жол апатынан зардап шеккен екі бүлдіршін қазір Астанадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында жатыр. Жақында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ауруханаға арнайы барып, кішкентай пациенттердің хәл-жағдайын білді. Абай облысында көлік қағып, ауыр жараланған балаларды санавиацияның арнайы бортымен Астанаға жеткізді. Елордалық дәрігерлер науқастардың жағдайы туралы айтты. Абай облысы Үржар ауданынан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы Астанаға жеткізу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) санитарлық авиация борты ұшып шықты.

Серіктес жаңалықтары