«Күнде түнде осындай бәйге өтеді»: танымал әнші түнгі Алматыдағы сұмдықты көрсетіп, дабыл қақты (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Видеоны URKER тобының әншісі Айдос Сағат жариялаған

Фото: скриншот

Танымал әнші Айдос Сағат әлеуметтік желідегі жеке парақшасына терезесінен түсіріп алған видеоны жариялап, жергілікті әкімдік пен полицияның назарын аударды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, күнде түнде белгісіз біреулер Төлебаев көшесінің бойымен ақайға басып, шауып өтеді екен.

«Алматының ең мәдени көшесі – тұнып тұрған тарихи, ең «зиялы», ең орталық көшесі, Қонаевтың музей-мұражайы бар Төлебаев кқшесінің бойымен күнде түнде біреулер айқайлап, шауып өтеді. Және сенесіздер ме, бұл бүгін ғана емес, күнде түнде, КҮНДЕ ТҮНДЕ болатын дүние», - деген әнші.

Өз жазбасының астына ол Алматы әкімдігі мен қаланың полициясының ресми аккаунттарын тіркеген. Видеосы тез таралғаны соншалық, полиция тәртіп бұзған жігіттерді бірден тапқан екен.

«Біз бұндай фактілерді назардан тыс қалдырмаймыз. Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермейміз. Видеодағы жігіттердің жеке тұлғалары анықталып, жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды біздің агенттікке қаланың полиция департаменті.