Қостанайлық өрт сөндірушілер кішкентай баланы құтқарып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Сәби жанып жатқан пәтерде жалғыз қалған

18 маусымда Қостанайдағы Чкалов көшесінде орналасқан көпқабатты үйден өрт шығып, кішкентай бала құтқарылды, деп хабарлады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер келгенде пәтердегі жиһаздар өртеніп жатқан, жалын дереу сөндірілді. Үйде қалған кішкентай бала құтқарылып, барлығы 12 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың арасында 4 кішкентай бала бар.

«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 12 адам және 4 бірлік техника, екі полицей және 1 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрт себебі мен материалдық шығын анықталуда», - делінген аталған хабарламада.

Тегтер: