Отбасылық жанжал қайғылы жағдайға ұласты
Үндістанда сұмдық оқиға тіркелді. Жергілікті 30 жастағы тұрғын әйелімен жанжал кезінде екі жасар ұлын үйдің терезесінен лақтырып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Times of India басылымына сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметке сүйенсек, ерлі-зайыптылардың арасында ұрыс үйдің шатырында басталған. Сол сәтте олардың кішкентай ұлы – Лалит қасында болған. Ашуға булыққан әке баланы екі қабатты үйдің террасасынан төменге лақтырған.
Сәбиді дереу аудандық ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлердің қолынан ештеңе келмеді. Баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Полиция оқиға орнына бірден келіп, жағдайды тексере бастады.
«Отбасы мүшелері баланы шынымен шатырдан лақтырғанын айтады. Бірақ алғашқы медициналық тексеруде сыртқы жарақаттар байқалмады», – деді жергілікті полиция бөлімінің өкілі.
Оқиғадан кейін Радж Бахадур дереу ұсталды. Қазір полиция істің мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.