Оқиға Наурызбай ауданында 10 тамыз күні күндіз болған
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 10 тамыз күні сағат 13:30 шамасында Наурызбай ауданында тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Range Rover автокөлігінің жүргізушісі Хигай көшесімен шығыс бағытта келе жатып, жолдың жүріс бөлігінде тұрған 2013 жылы туған балаға соққан.
Соққы салдарынан кәмелетке толмаған жеткіншек оқиға орнында қаза тапты.
Полиция дерегінше:
«Қала тұрғындары мен ата-аналарды балалардың жолда қауіпсіздігін қадағалауға шақырамыз», – деді ПД өкілі.