Ресейлік туристті құтқару операциясы тікұшақпен сәтті аяқталды
Алматы облысындағы Гляциологтар асуында (теңіз деңгейінен 3940 м) төрт адамнан құралған туристік топтың бір мүшесі аяқтан ауыр жарақат алды. Маршрут үшінші дәрежелі қиындық санатына жатады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Туристер байланыссыз қалып, телефон батареялары таусылған. Оқиға туралы ақпаратты жолда кездескен өзге туристер жеткізген.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы оқиға орнына дереу шықты. Құтқарушылар құрамында:
Алдымен олар Космостанцияға жетіп, жаяу көтерілуге кіріскен.
«9 тамыз күні таңертең 1984 жылы туған Ресей азаматына жеттік. Алдын ала диагноз — тобық сүйегінің сынуы және қатты ісіну. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тасымалдауға дайындалды», – деп хабарлады ТЖМ.
Жарақаттанған туристті эвакуациялау үшін ЕС-026 тікұшағы тартылды.
Ол Боралдай әуежайына жеткізіліп, одан әрі ЦМК бригадасына берілді. Науқас Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды.