Ол жерден 700 келі есірткі табылған
Түркістан облысы Созақ ауданының таулы аймағында есірткі плантациясын өсіріп жүрген үш азамат қолға түсті: полиция оқиға орнынан шытырман оқиғалы фильмдегідей видео таратқан, деп жазады Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, осы облыс бойынша «Қарасора-2025» атты есірткіге қарсы науқан өткен. Соның аясында полиция төбеден ірі плантацияны анықтап, оқиға орнына жетіп барған.
«Созақ ауданының таулы аймағында ірі плантация анықталды. Сол жерден Қызылорда облысының екі тұрғыны және Шымкент қаласының бір тұрғыны ұсталды. Олар 900 түп қарасора мен 260 түп көкнар өсірген және тіркелмеген қару асынып жүрген. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі өсімдіктердің салмағы 700 келі болды», - деп хабарлайды полиция.
Күдіктілер қамалып, полиция тергеу бастаған.