Үшінші адам жараланып, ауруханаға жеткізілді
Шығыс Қазақстан облысында шахтада жоспарлы жарылыс жұмыстары қайғылы оқиғамен аяқталды6 деп хабарлайды KAZ Minerals компаниясының баспасөз қызметі.
«Орлов» шахтасында болған жарылыстан екі жұмысшы қаза тапқан.
«16 маусым күні кешкі 22:00 шамасында жарылыс жұмыстарын жүргізу барысында «Востокцветмет» ЖШС-ның екі жұмысшысы қаза тауып, тағы біреуі аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген аталған хабарламада.
Қазіргі таңда қайғылы оқиғаны тексеру үшін комиссия құрылып, жұмыс жүргізіп жатыр.