Маңғыстауда тойда жаппай төбелес болды: қонақтар қамауға алынды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ақтаудағы мерекелік кеш даумен аяқталды

Фото: © istockphoto.com

Маңғыстау облысында үйлену тойында төбелес шығарған бірнеше қонақ полиция бөлімшесіне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиға Мұнайлы ауданында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда ақ жейде киген ер адамдардың той кезінде бір-бірімен жаппай төбелеске кіріскені байқалады.

Полиция мәліметі: іс қозғалды

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

«Барлық күдікті анықталып, Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр», – делінген полиция мәлімдемесінде.

Оқиға туралы бейнежазба тарады

  • Желіде тараған видеода ер адамдардың ресторан алдында жаппай төбелесіп жатқаны көрінеді
  • Кейбірі қонақтарды ажыратуға тырысқанымен, жанжал ушыға берген
  • Қоғамдық тәртіпті бұзғандар полицияның араласуынан кейін ғана тоқтаған