Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады
Жәйрем кенті әкімінің әрекеті тәртіптік кеңесте қаралып, тиісті жазаға тарту туралы шешім шықты деп хабарлайды Қаражал қаласының әкімдігі.
«Осы жылдың 26 мамырындағы қызметтік тергеу нәтижелері бойынша Тәртіптік комиссияның ұсынысы бойынша Қаражал қаласы әкімінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 2 ж-67/1 бұйрығымен Жәйрем кентінің әкімі Наукенов А. лауазымдық талаптарға толық сәйкес келмеу бойынша ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылды. Қаражал қаласының полиция бөлімі және Қаражал қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімі биге қатысқан адамдарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің аясында тиісті шараларды қабылдайтын болады»,- делінген сайтта .
Оқи отырырыңыз: Tik-Tok-тағы Жәйрем әкімі: «Карантин кезінде билегенімді облыс басшылығы біледі»
Еске салсақ, Tik-Tok-тағы видеода әкім Аманғазы Нәукенов, мәдениет ойын-сауық орталығының директоры Ақмарал Иманбекова және «Жәйрем кен-байыту комбинаты» кәсіподақ комитетінің төрағасы Мүбәрак Кәрібаев тағы басқа да қызметкерлерді қосып, кабинет ішінде би ұйымдастырған. Tik-Tok әлеуметтік желісінде кең тараған флешмоб Қазақстанда карантин кезінде актуалды болғаны белгілі. Жәйрем кентінің әкімі де көштен қалмайын деп, қоластындағы қызметкерлерді қосып алып, билеген.