Рысқалиевтерге тәркіленген мүліктерінің бір бөлігі қайтарылатын болды
Бұл жөнінде Бас прокурор Жоғарғы сотқа шағым түсірген
Ағайынды Рысқалиевтерге және басқаларға тәркіленген мүліктің бір бөлігі қайтарылатын болды, деп хабарлайды Ақжайық.
«Бүгін, 16 маусымда ҚР Жоғарғы сотында Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев, ағасы Аманжан Рысқалиев және басқаларға қатысты Бас прокуратураның кассациялық шағым қаралды. Жоғарғы соттың алдын-ала мәліметтеріне сай, шағым қанағаттандырылды», - деп жазды басылым.
Естеріңізге сала кетсек, мамырдың аяғында Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Жоғарғы сотқа Бергей Рысқалиев, оның ағасы Аманжанға, Рүстем Альбакасов пен Ерболат Ізбасарға қатысты үкімді, оның ішінде мүлкін тәркілеуге қатысты тұсын қайта қарау туралы кассациялық шағым берді. Басында шағымды қарау 23 маусымға белгіленген еді.