Атырауда екі жасар бала терезеден құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алған

Атырауда екі жасар бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті

«2020 жылғы 16 маусымда сағат 19:40-да Атырау қаласы Береке ықшам ауданында 5 қабатты тұрғын үйдің 5-ші қабатынан белгісіз жағдайда 2018 жылы туған екі жасар бала құлап кетті. Бала жабық бас сүйек-ми жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», -делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан балаларды қараусыз және терезелерді ашық қалдырмауды сұрайды.