Ол қамауға түсті
Шілде айының ортасында көрші елдердің бірінде тұратын әйел Павлодар облысына келіп, бүйрегін сатқысы келетіні туралы ақпарат түскен. Полиция арызды бірден қабылдап, оны қолға түсірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, ол Павлодар қаласына келіп, баға мен шарттарды талқылап, бүйрегін сатуға келіскен. Ол ақшаның жартысын алып жатқан жерінен қолға түсті.
«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамалды. Қажетті тергеу жүріп жатыр», - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.