«Кейде басым істемей қалады»: Жанар Байсеміз қасына ота жасатып, 800 түп шашын салдырған
Ол енді екі апта ел көзіне көрінбеймін дейді

Журналист Жанар Байсеміз қасын ауыстырып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол өзінің желідегі парақшасында операцияның қалай өткені туралы баяндаған.
«Тәуекел деп қасыма трансплантация жасадым. Күдік те, қорқыныш та болды. Операция күрделі әрі ұзақ болады екен. Таңғы сегізде клиникаға кіріп, түсте бір-ақ шықтым. Кезең-кезеңімен жүреді екен. Мен ақымақ, шашымды қиып, қастың орнына отырғызы салады десем, шаштың өзін емес түбірін алады екен ғой. Кейде басым істемей қалады, сөйтіп. Түбірін, яғни «луковицаның» алады екен. Операциядан кейін желке тұсым тастай қатып қалған, қасымның аймағы күп болып ісіп кеткен. Түрім қорқынышты болды енді. Күтім керек екен. Ертең желкемдегі дәкені ауыстыруға «перевязкаға» барамын. Дәрі ішеді екенсің. 7 күн бас жумайсың. Кәдімгідей қиын дүние екен. Құдай-ау, төсін, бөксесін үлкейтіп, ішін алдыратындардың жаны сірі екен ғой деп ойлап қоямын», - деп жазды ол.
Айтуынша, әр қасына 400 тал шаш түбірімен салынған.
Журналист отадан кейінгі бейнесінің ұнамай қалғанын айтты. Алайда дәрігердің «3,4 айда жаңа енгізілген шаштың түбірі өсе бастайды, қасыңыз әдемі болады» деген сөзі көңілін орнына түсірген.
«Бұрынғы татуажды екі рет лазермен кетіргенмін. Үшіншісіне шыдамым жетпеген. Сол татуаж болмағанда, қасым қарлығаштың қанатындай болатын еді. Ол татуаждың орны төмен түсіп тұрған соң, визажист осы форма дұрыс деді. Бәрін өлшейді екенғ бет-әлпетіңе сай болуы үшін, көп өлшеді», - дейді Жанар Байсеміз.
Ол ота орны жазылғанша екі аптадай уақыт қажет екенін айтты.