$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстауда құтқарушылар үгіт-насихат жүргізіп жатқанда оқыс жағдай болды

Бала жедел жәрдем бригадасына тапсырылды

Маңғыстауда құтқарушылар үгіт-насихат жүргізіп жатқанда оқыс жағдай болды
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысында үгіт-насихат жүргізу үшін Каспий теңізі жағалауына барған құтқарушылар баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бала қараусыз қалған

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері суға батып бара жатқан баланы құтқарды.

«Маңғыстау облысы Қарақиян ауданында ТЖМ қызметкерлері профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында жағалаудан 2023 жылы туған баланың суға батып бара жатқанын байқап қалды», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Бала ата-анасының қарауынсыз қалып, суға түскен.

Реанимациялық шаралар көмектесті

Құтқарушылар баланы тез арада жағаға алып шықты. Оқиға орнында баланың әкесімен бірге реанимациялық шаралар жүргізілді. Оның жағдайын тұрақтандыру үшін жүрек массажы жасалды.

Бала жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, тексеруден кейін үйіне жіберілді.

Серіктес жаңалықтары