Абай облысында полицей қаза тапты

Автор: Алмас Ерсін

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады

Фото: @bektore_sultan_/ instagram

Абай облысында жантүршігерлік жол болды. Апат полиция подполковнигі Дамир Тұражановтың өмірін қиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің түсініктемесі

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Бектөре Сұлтан Instagram парақшасында хабарлады. Ол қайтыс болған полицейдің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

«Оның жанқиярлық еңбегі, антына адалдығы және жоғары кәсібилігі әріптестерінің және оны жеке танитын барша жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл – ішкі істер органдары жүйесі үшін орны толмас қайғы, біз сіздермен бірге қайғырамыз», - полиция генерал-майоры.

Осыған ұқсас жағдай сәуірде болды

Еске сала кетейік, дәл осындай жағдай сәуір айында болған еді. Ол кезде Абай облысында полиция қызметкері Айдос Айдарханұлы жол апатынан көз жұмды.