Елде бүгінге дейін 912 адам коронавирустан көз жұмған
Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелінен коронавирус анықталып, ол ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты, деп хабарлайды РИА Новости.
Ал Зеленскийдің өзі мен балаларынан алынған соңғы тест олардың вирус жұқтырмағанын көрсеткен.
«Украина президентінің әйелі Елена Зеленская Киевтегі ауруханаға жатқызылды. Өткен аптада одан індет анықталып, COVID-19 диагнозы қойылған. Науқастың қазіргі жағдайы тұрақты», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі елде 32 476 адам COVID-19 індетіне шалдыққанын, оның 14 528-і жазылғанын хабарлаған еді. Ал 912 адам коронавирустан көз жұмған.