Құтқарушылар оны жедел жәрдемге жеткізді
Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қаскелең шатқалында 1985 жылы туған әйел парапланмен ұшып бара жатып апатқа ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы (РЖҚЖ) оқиға орнына дереу жетіп, құлаған азаматшаны құтқару жұмысын жүргізді», - деп хабарлады ТЖМ.
Құтқарушылар зардап шегушіні тау бөктерінен түсіріп, 500 метр қашықтықта күтіп тұрған жедел медициналық жәрдем көлігіне табыстады.