Ол рұқсат етілмеген жерде суға түскен
Атырауда суға кеткен жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
«Атырау қаласы Геолог ауылында Жайық өзенінен бүгін таңғы сағат 07:15-те ТЖД Жедел құтқару жасағының 3 қызметкері мен 1 жүзу құралының күшімен 1993 жылы туған жас жігіттің денесі судан шығарылды», - делінген хабарламада.
Куәгерлердің айтуынша, ол 13 маусым күні достарымен демалыста болған және шамамен сағат 17:10-да арнайы жабдықталмаған жерде суға шомылып, батып кеткен.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті арнайы жабдықталмаған жерлерде суға түспеуді ескертеді.