Зардап шеккендер жоқ
Ақтөбе қаласындағы кәсіпорын аумағында екі жүк көлігі мен автодөңгелектер отқа оранды. Оқиға Курсантское тас жолы маңында тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылғы 27 шілде күні Ақтөбе қаласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік аумағында төтенше жағдай болды. Белгісіз себептермен екі жүк көлігі мен автокөлік шиналары жанған.
«Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жалынды 70 шаршы метр аумақта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп мәлімдеді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.