Жамбылда әлеуметтік желі арқылы діни радикализмді насихаттаған 4 адам сотталды

Автор: Бақыт Шынар

Олар әлеуметтік желіге теріс әдебиет таратып отырған

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысындағы Еңбек ауылында діни радикализмді насихаттаған төрт адам сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оларды жергілікті прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірге қолға түсірген. Топ болған төрт адам әлеуметтік желілер арқылы ел аумағы бойынша діни материал мен уағыз-насихат таратып отырған.

«Күдікке ілінген тұлғалардың үй жайларына тінту барысында Қазақстан Республикасының аумағында діни алауыздықты қоздырушы ретінде таратуға тиым салынған материалдар тәркіленген. Биыл маусымда Жамбыл аудандық соты олардың әрқайсысын 2 жылға соттады», - деп хабарлайды прокуратура.