Қыз баланың жасы небары 13-те болған
Павлодар облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өгей қызын зорлаған адамды өмір бойына соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның қолына түскен М. есімді ер адамға Қылмыстық кодекстің 120 бабы 4 тармағы бойынша айып тағылған. Оның ісі жабық режимде өткен.
«Күдіктінің кінәсі қыз баланың айтқандарымен, куәгерлердің сөзімен, сот медициналық сараптамамен дәлелденді», - деп хабарлайды соттың таратқан ақпаратында.
Сот оның қылмысы аса ауыр қылмыстар санатына жатады және 120 бап 4 тармақтың жазасы – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ғана көздейді.
Сондықтан, сот оны өмір бойына соттап, қауіпсіздігі аса жоғары түрмеге қамады.