Астанадағы тойхананың жанында жиырмашақты жігіт төбелесіп қалды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Оқиға орнына полиция жетіп, оларды ұстап әкеткен

Фото: скриншот

Астанада бірнеше тойхана орналасқан орында жиырмашақты жігіт түн ішінде төбелесіп, шу шығарған: полиция оларды ұстап әкетіп, іс қозғаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының полция департаменті хабарлағандай, төбелескен жиырмашақты жігіттің бәрі бөлімшеге жеткен.

«Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүріп жатыр. Куәгерлерден жауап алынып, оқиға орнындағы бейнекамералардағы жазбалар зерделенеді. Полиция тексерудің қорытындысы бойынша қосымша мәлімет таратады», - деп хабарлайды қалалық полиция.