Қазақстанда тағы 53 адам коронавирустан жазылып шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінге дейін елімізде барлығы 9241 адам індеттен емделіп шықты 

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда тағы 53 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Әр аймақ бойынша емделіп шыққандар саны төмендегідей:

Шымкент қаласында -11,

Павлодар облысында -1,

Ақтөбе облысында - 1,

Қызылорда облысында - 13,

Қостанай облысында - 2,

Атырау облысында -24,

Маңғыстау облысында – 1.

Бүгінге дейін елімізде барлығы 9241 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.