Ол тыйым салынған жерде шомылған
Қызылордада 45 жастағы азамат суға кетті. Ол Сырдария өзенінің тыйым салынған тұсында шомылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.
«Оқиға 14 маусымда болды. Құтқарушылар суға батып кеткен азаматты су астынан іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғынның денесі су астынан сағат 20.38-де жағаға шығарылды», - деп жазылған хабарламада.
ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, суға батып кеткен азамат мас болған.