Қайғылы оқиға Ілек өзенінде болған
11 шілде күні кешкісін төтенше жағдайлар қызметіне Ақтөбе қаласына жақын орналасқан Қурайлы ауылында 14 жастағы жасөспірімнің Ілек өзеніне батып кеткені туралы хабар түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазон» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық ТЖД мәліметінше, қайтыс болған бала 2011 жылы туған. Оқиға орнына құтқарушылар, сүңгуірлер және дрон жіберілген.
Хабарлама 17:01-де түскен. Құтқару топтары дереу іске кірісіп, кешкі 21:30-да жасөспірімнің денесін судан алып шықты.
«Алдын ала мәлімет бойынша, бала шомылуға арналмаған орында батып кеткен. Оқиғаның нақты мән-жайы тексеріліп жатыр», – делінген ТЖД хабарламасында.
Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар қызметі ата-аналарды және тұрғындарды тағы да қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды:
«Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар. Белгіленбеген орындарда суға түспеңіздер», – деп ескертті құтқарушылар.