Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті

Автор: Нұргүл Абай

Қылмыстық іс қозғалды

Фото: gov.kz

Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апаты туралы ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

«Төңкеріс-Байсерке автожолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, тергеу жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Полиция жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе тас жолдарда және қараңғы уақытта аса мұқият болуға шақырды.