Шұңқырдың тереңдігі - 2 метр
Атырауда қазулы тұрғын шұңқырға түсіп кеткен 6 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Оқиға 13 маусым күні кешкі сағат 21:50-де болды. Жер үйлердің бірінде шұңқырдан 6 жастағы қыздың денесі табылды. Тереңдігі 2 метр болатын шұңқыр дәретхана салу мақсатында қазылған. Бала шамамен саға19:50 кезінде далаға шығып кеткен», - деп жазылған хабарламада.
ТЖД өкілдері балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады