38 жастағы азамат қамауға алынды
Ол Мәскеу әуежайындағы кедендік бақылау кезінде ұсталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бангкоктан келген жолаушының сөмкесінде мармелад кәмпиті болған. Инспекторлар 38 жастағы азаматтың жүгін тексерген кезде сырты мөлдір банканы тапқан. Оның ішінде 22 грамм салмағы бар 4 дана есірткі болған.
Оның үстінен «есірткі заттарын тасымалдау» фактісі бойынша іс қозғалды.
Айта кетсек, таяуда Индонезияда есірткі тасымалымен айналысқан екі қазақстандық ұсталған еді. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, екі отандасымызға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Еске салайық, Индонезияда есірткі қылмысына өлім жазасы қарастырылған.