Жамбыл облысының тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

46 жастағы тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: баспасөз қызметінен

Жамбыл облысы Луговой станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 46 жастағы тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Ол жалпы салмағы 17 келіден аса кептірілген марихуананы заңсыз сақтады деген күдікке ілінді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Облыстың көлік полицейлері биылғы жылдың басынан бері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 197 қылмыстық құқықбұзушылық анықтаған. Заңсыз айналымнан 59 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.