Вандалдар бүлдіріп кеткен LRT вагондарының сырты тазаланып бітті

Автор: Темірхан Айжан

Граффити арнайы ерітінділермен сүртілген 

Фото: скрин

Жақында вандалдар бүлдіріп кеткен LRT вагондарының сырты тазаланып бітті. Бұл туралы City Transportation System компаниясы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

LRT вагондарына салынған граффити арнайы ерітінділермен өшірілді. Мұндай жағдайларды алдын алу вагондарды жобалау кезеңінде ескерілген, яғни вагондардың сырты арнайы қорғаныс қабатымен жабылған. Бұл қабат бояудың негізгі бояу-жабын қабатына сіңуіне жол бермейді. Жылжымалы құрамның беткі қабатына зақым келмей, тазартылып, бастапқы келбетіне оралды.

Еске салсақ, Назарбаев әуежайы станциясында тұрған LRT вагондарының сыртына белгісіз біреулер граффити салып кеткен болатын. 9 маусым күні Астанаға Қытайдан LRT жеңіл рельсті көлігінің алғашқы екі құрамы жеткізілді.

11 маусымда оның бірі «Әуежай» станциясына, ал екіншісі 12 маусымда «Абу Даби Плаза» станциясына орнатылған.