Париждегі қатты дауылдан 2 адам қаза тапты

Автор: Темірхан Айжан

Оның бірі 12 жастағы бала 

Фото: AFP via Getty Images

Кеше Францияның астанасы Парижде күшті жел тұрып, нөсер жаңбыр жауды. Ағаштар құлап, көшелерді су басты. Дауылды күні 2 адам қаза тауып, 17 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Францияның азаматтық қорғаныс агенттігі қатты ыстықтан кейін кенет бұзылған ауа-райының салдарынан бір адамның ауыр жарақат алғанын хабарлады. Агенттіктің мәліметінше, 110 000 үйде жарық сөніп қалған.

Нөсер жаңбыр ел парламентінің шатырынан өтіп, ғимаратқа су сорғалаған.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Францияның оңтүстік-батысында 12 жасар баланың үстіне ағаш құлап, өмірін қиды, ал солтүстік-батыста ер адам квадроциклмен құлаған ағашқа соғып, көз жұмған.